Астрахан ауданының Астрахан селосы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 5С-27-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 сәуірде № 4108 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 6С-3-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 27.04.2016 № 6С-3-9 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ықпал етеді) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Астрахан аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Астрахан ауданының Астрахан селосы мен ауылдық мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Астрахан аудандық
маслихатының сессия
төрағасы
Е.Құрманов
      Астрахан аудандық
маслихатының хатшысы
В.Собеский

      КЕЛІСІЛДІ
      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсеиітов

  Астрахан аудандық мәслихатының
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 5С-27-3 шешіміне
1 қосымша

Астрахан ауданының Астрахан селосындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ №
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақтардың шекаралары
I
1.9
Астрахан селосының орталық бөлігін алып жатыр. Аймақтың шекарасы солтүстік жағынан - Мұхтар Әуезов көшесі, шығыс жағынан – Абылайхан көшесі, оңтүстік жағынан – Ыбырай Алтынсарин көшесі, батыс жағынан – Интернациональный тұйық көшесі арқылы өтеді.
II
1.8
Астрахан селосының орталық бөлігін алып жатыр. Аймақтың шекарасы солтүстік жағында Мұхтар Әуезов көшесінің бойымен өтіп, Мир, Әл-Фараби көшелеріне бұрылады, шығыс шекарасы Сейфуллин көшесі, оңтүстік шекара – Бостандық көшесімен өтіп, Панфилов және Ыбырай Алтынсарин көшелеріне бұрылады, батыс шекарасы – Абылайхан көшесінің бойымен өтеді.
III
1.5
Астрахан селосының солтүстік–шығыс бөлігінде орналасқан. Аймақтың шекарасы солтүстік жағында Астрахан селосынының нақты шекарасы бойымен өтеді, шығыс жағында – Сейфуллин көшесі, оңтүстік жағында – Әл-Фараби көшесімен өтіп, Мир және Мұхтар Әуезов көшелеріне бұрылады. Батыс жақ бөлігінде шекара Абылайхан көшесінің бойымен өтеді.
IV
1.5
Астрахан селосының солтүстік–батыс бөлігінде орналасқан. Аймақтың шекарасы солтүстік және солтүстік–батыс жағынан Астрахан селосының нақты шекарасы, шығыс жағынан – Абылайхан көшесі бойымен өтіп, Мұхтар Әуезов көшесі және Интернациональный тұйық көшесіне бұрылады, одан ары шығыс бағытта Ыбырай Алтынсарин көшесіне, оңтүстігінде – орман алқабы бойымен Есіл өзенінің жағалауына дейін жетеді, оңтүстік және батыс жағынан шекара Есіл өзенінің бойымен өтеді.
V
1.4
Астрахан селосының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Аймақтың шекарасы солтүстік жағында Ыбырай Алтынсарин көшесімен өтіп, Панфилов, Бостандық көшелеріне бұрылады, шығыс жағынан – Сейфуллин, оңтүстік және батыс жағында Астрахан селосының нақты шекарасы және Есіл өзенінің бойымен өтеді.
VI-1
1,0
Село шекарасының солтүстігіне қарай, құрылыс жүріп жатқан бөлігінен жоғарырақ орналасқан және бас жоспар бойынша келешекте Астрахан селосының даму көзі болып белгіленген.
VI-2
1,0
Селоның оңтүстік бөлігінде, құрылыс жүріп жатқан төменгі жағында орналасқан және бас жоспар бойынша келешекте Астрахан селосының даму аймағы болып көзделіп отыр.

  Астрахан аудандық мәслихатының
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 5С-27-3 шешіміне
2 қосымша

Астрахан ауданының ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ №
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймаққа енетін ауылдық елді мекендердің атауы (ауылдық округтер бойынша)
I
1,80
Жалтыр селосы, Жалтыр ауылдық округі
Новочеркасск селосы, Новочеркасск ауылдық округі
Старый Колутон селосы, Старый Колутон ауылдық округі
ІІ
1,41
Зеленое селосы, Есіл ауылдық округі
Петровка селосы, Николаев ауылдық округі
Жаңатұрмыс селосы, Қызылжар ауылдық округі
Жарсуат селосы, Жарсуат ауылдық округі
Өндіріс селосы, Новочеркасск ауылдық округі
Первомайка селосы, Первомай ауылдық округі
Колутон станциясы, Колутон ауылдық округі
III
1,04
Ақбейіт селосы, Жалтыр ауылдық округі
Новый Колутон селосы, Острогор ауылдық округі
Қоскөл селосы, Старый Колутон ауылдық округі
Приишимка селосы, Новочеркасск ауылдық округі
Жаңабірлік селосы, Астрахан ауылдық округі
Таволжанка селосы, Астрахан ауылдық округі
Ягодное селосы, Жарсуат ауылдық округі
Акимовка селосы, Қызылжар ауылдық округі
Оксановка селосы, Қызылжар ауылдық округі
Жамбыл селосы, Николаев ауылдық округі
Өрнек селосы, Николаев ауылдық округі
Лозовое селосы, Первомай ауылдық округі
Камышенка селосы, Первомай ауылдық округі
Зареченка селосы, Старый Колутон ауылдық округі
Ковыленка селосы, Старый Колутон ауылдық округі
Бірлік селосы, Колутон ауылдық округі
Қаракөл ауылы, Острогор ауылдық округі
IV
0,66
Степное селосы, Бесбидайық ауылдық округі
Шілікті селосы, Есіл ауылдық округі
Каменка селосы
Бесбидайық селосы, Бесбидайық ауылдық округі
Ұзынкөл селосы, Ұзынкөл ауылдық округі
Алғабас селосы, Ұзынкөл ауылдық округі
Бұлақты селосы, Ұзынкөл ауылдық округі
Қайнар селосы, Ұзынкөл ауылдық округі
Жалтыр селосының өзге де қоныс (бұрынғы Астраханка станциясы), Жалтыр ауылдық округі
Қайнар селосының өзге де қоныс (бұрынғы Луговое селосы), Ұзынкөл ауылдық округі
Қайнар селосының өзге де қоныс (бұрынғы Қаратүбек селосы), Ұзынкөл ауылдық округі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады