Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 173/24-5 "2014 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 234/34-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қазанда № 4396 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 01-04/1 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 15.01.2015 № 01-04/1 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 28 шілдедегі № 837 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Целиноград аудандық мәслихатының «2014 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 173/24-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3983 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 қаңтарда «Вести Акмола», «Ақмол ақпараты» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2014 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;
      кіріспеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы»;
      1-тармақтың бірінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. 2014 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына келесі әлеуметтік қолдау шаралары:».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы                                   Н.Тоқабаев

      Целиноград аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Р.Түлкібаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Целиноград ауданының әкімі                 М.Тәткеев

      «Целиноград ауданының экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі басшысы                           Ә.Ыбраева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады