"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 110 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 мамырда № 3904 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 205 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 08.06.2015 № 205 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Қ. Әбдібековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
 

Облыс әкімі

А.Мұхамбетов


Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 21 сәуірдегі
№ 110 қаулысымен бекітілген

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесінің және аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерімен (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру Комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО).
      2) "электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кезекті реттік нөмірі көрсетілген есепке қою туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауабы.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште хабарламаны алу үшін өтініш берген жағдайда хабарлама электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және ХҚО уәкілетті адамының қолымен және мөрімен расталады.
      Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды цифрлық қолтанбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жолданады.
 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімін бастау үшін негізгі болып табылады:
      ХҚО-на жүгіну барысында Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
      порталда-қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) қызмет берушінің басшысы;
      2) қызмет берушінің жауапты орындаушысы;
      3) қызмет берушінің орындаушысы;
 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзгеде қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      6. ХҚО-мен іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ХҚО операторына қажетті құжаттар мен өтініш береді, ол электрондық кезек жолымен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      2) 1-үдеріс – ХҚО операторының қызмет көрсету үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының Біріктірілген ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚО БАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі.
      3) 2-үдеріс – ХҚО операторымен көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұраныс нысанын шығару және ХҚО операторымен қызмет алушының мәліметтерін, сондай-ақ қызмет алушы өкілінің сенімхат бойынша мәліметтерін шығаруы (нотариалды куәландырылған сенімхат болғанда немесе сенімхатты өзге де куәландыру кезінде – сенімхаттың мәліметтері толтырылмайды).
      4) 3-үдеріс – қызмет алушының мәліметтері туралы сұранысты жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры не заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ немесе ЗТ МДҚ) арқылы, сондай-ақ қызмет алушы өкілінің сенімхатының мәліметтері туралы Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйеге (бұдан әрі-БНАЖ) жіберу.
      5) 1-шарт – ЖТ МДҚ немесе ЗТ МДҚ-да қызмет алушының мәліметтерінің және БНАЖ-де сенімхат мәліметтерінің болуын тексеру.
      6) 4-үдеріс – ЖТ МДҚ немесе ЗТ МДҚ-да қызмет алушының мәліметтерінің және БНАЖ-де сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтер алу мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру.
      7) 5-үдеріс – автоматтандырылған жұмыс орнының аумақтық ЭҮШ (бұдан әрі – АЖО АЭҮШ) ХҚО электрондық үкіметінің шлюзы (бұдан әрі – ЭҮШ) операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттың жіберілуі (қызмет алушының сұранысы).
      Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекттік қызмет көрсету негізінде ақпараттық жүйенің функционалдық өзара іс-қимылы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      7. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет қызметті арқылы көрсеткен кездегі өтініш беру тәртібінің және осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес қызмет беруші мен қызмет алушының рәсімдер (іс-қимыл) жүйелілігінің сипаттамасы:
      1) 6-үдеріс – электрондық құжатты АЖО АЖ–да тіркеу.
      2) 2-шарт – қызмет берушінің қызмет алушы ұсынған Стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және қызмет көрсету үшін негізді тексеруі (өңдеуі).
      3) 7-үдеріс – қызмет алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру.
      4) 8-үдеріс – қызмет алушының АЖО АЭҮШ қалыптастырылған қортынды қызметті (жеке қосалқы шаруашлығының болуы туралы анықтама немесе бас тарту жөніндегі хаттық дәлелді жауап) ХҚО операторы арқылы алу.
      8. Мемлекеттік қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсеткен кездегі өтініш беру тәртібінің және осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес қызмет беруші мен қызмет алушының рәсімдер (іс-қимыл) жүйелілігінің сипаттамасы:
      1) қызмет алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі-ЖСН) сондай-ақ парольдің көмегімен (Порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады) Порталда тіркеуді жүзеге асырады;
      2) 1-үдеріс – қызмет алушының қызмет алу үшін Порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторландыру үдерісі);
      3) 1-шарт – Порталда тіркелген қызмет алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын ЖСН мен пароль арқылы тексеру;
      4) 2-үдеріс – Порталдың қызмет алушының мәліметтеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      5) 3-үдеріс – қызмет алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұраныс нысанын шығару және қызмет алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптар есебімен толтыруы (мәліметтерді енгізу), сұраныс нысанына Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін қызмет көрсетушінің ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-үдеріс – қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауымен байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс – қызмет берушінің сұранысты өңдеуі үшін БАЖ және ЭҮАЖАЖО арқылы қызмет алушының куәландырылған (қол қойылған) ЭЦҚ электрондық құжатын (қызмет алушының сұранысы) жіберу;
      9) 3-шарт – қызмет берушінің қызмет алушы ұсынған Стандартта көрсетілген құжаттардың және қызмет көрсету үшін негіздің сәйкестігін тексеруі;
      10) 6-үдеріс – қызмет алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      11) 7-үдеріс – қызмет алушының ЭУА ЖАЖО қалыптастырған көрсетілетін қызмет нәтижелерін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында қызмет алушыға ("жеке кабинетке") жіберіледі.
      Портал арқылы мемлекттік қызмет көрсету кезінде, іске қосу ақпараттық жүйелерінің функционалдық өзара іс-қимылы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес диаграммамен көрсетілген.
 


"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды
есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ
жергілікті атқарушы органдардың тұрғын
үй беру туралы шешім қабылдауы"
мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламентіне
№ 1-қосымша

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, графикалық түрде


 


"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды
есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ
жергілікті атқарушы органдардың тұрғын
үй беру туралы шешім қабылдауы"
мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламентіне
№ 2-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, графикалық түрде


 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады