Ақтөбе қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 1320 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде № 3850 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 692а қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 16.02.2015 № 692а қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе қаласында барлық маршруттар үшін жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф белгіленсін:
      бір рет жүруге жоғары және орташа сыйымдылықтағы автобустар үшін 55 (елу бес) теңге;
      бір рет жүруге шағын автобустар үшін 60 (алпыс) теңге.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Қалдығұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қала әкімі

Е.Омаров

      КЕЛІСІЛДІ:
      Ақтөбе қалалық
      мәслихатының хатшысы

С.Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады