Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшiн қоғамдық жұмыстардың түрлерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 129 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 маусымда № 3920 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 16 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 22.01.2015 № 16 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42 бабына сәйкес Байғанин ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшiн қоғамдық жұмыстардың түрлерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ш.Спановаға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданылады.

      Аудан әкiмi Н.Б.Аққұл

  Байғанин ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 27 мамырдағы
№ 129 қаулысына
ҚОСЫМША

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшiн қоғамдық жұмыстардың түрлерi

      1. Тұрмыстық қоқыстарды жинау.
      2. Аумақты мұздан тазалау.
      3. Аумақты қардан тазалау.
      4. Аумақты қоқыстан тазалау.
      5. Аумақты тұрмыстық қоқыстан тазалау.
      6. Аумақты арамшөптен тазалау.
      7. Қоқысты жинау және шығару.
      8. Бұтақтарды кесу.
      9. Ағаштарды кесу.
      10. Ағаштарды әктеу.
      11. Ағаштарды отырғызу.
      12. Шөп шабу.
      13. Ғимараттарды әктеу.
      14. Ғимараттарды бояу және өзге де жөндеу жұмыстары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады