Ойыл ауданы бойынша 2014 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 27 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 наурызда № 3810 болып тіркелді

     Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 05.01.2014 № 1 қаулысымен).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақшасына және 20 бабына сәйкес, Ойыл аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, жұмыс орындарының саны, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Сембі) жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмысқа жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Қазыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі: М. Абдуллин

 Ойыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 27 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, жұмыс орындарының саны, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері


Мекемелер атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері /жобалары/

Шарт бойынша жұмыстардың көлемі,
1 адамға (болжам) (теңге)

Жоспар бойынша

Қаржыландыру көздері

Жұмыс орындары
ның саны, адам

Қаралған қаражат, мың теңге

12

3

4

5

6

7

1«Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Көптоғай ауылы, Амангелді, Қарасу, Шұбарши елді мекендерінің көшелерін жинау, қоқыс шығару, көгалдандыру, халық санағы.

3000 шаршы метр, 40 тонна

20

20

Жергілікті бюджет

2«Қайынды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қайынды ауылы, Көсембай елді мекендерінің көшелерін жинау, қоқыс шығару, көгалдандыру, халық санағы.

3000 шаршы метр, 40 тонна

20

20

Жергілікті бюджет

3«Сарбие ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Сарбие ауылы, Қаракөл елді мекендерінің көшелерін жинау, қоқыс шығару, көгалдандыру, халық санағы.

3000 шаршы метр, 40 тонна

20

20

Жергілікті бюджет

4«Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қараой ауылы, Құбасай елді мекендерінің көшелерін жинау, қоқыс шығару, көгалдандыру, халық санағы.

3000 шаршы метр, 40 тонна

20

20

Жергілікті бюджет

5«Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Саралжын ауылы, елді мекендерінің көшелерін жинау, қоқыс шығару, көгалдандыру, халық санағы.

3000 шаршы метр, 40 тонна

20

20

Жергілікті бюджет

6«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ойыл ауылы, Ақшатау, Қаракемер, Екпетал елді мекендерінің көшелерін жинау, қоқыс шығару, көгалдандыру, халық санағы.

10000 шаршы метр, 100 тонна

58

58

Жергілікті бюджет

7«Ш. Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қаратал ауылы, Қарасу, Құмжарған елді мекендерінің көшелерін жинау, қоқыс шығару, көгалдандыру, халық санағы.

3000 шаршы метр, 40 тонна

20

20

Жергілікті бюджет

8«Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Техникалық жұмыс:құжаттарды өңдеуге көмектесу. Курьерлік жұмыс. Ғимаратты тазалауға көмектесу. Қарт адамдарға көмек көрсету

10000 дана
5000 дана
500 ш.м
20 адам

10

10

Жергілікті бюджет

9«Ойыл ауданы қорғаныс істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. Курьерлік жұмыс. Ғимаратты тазалауға көмектесу

90000 дана
5000 дана
800 ш.м

6

6

Жергілікті бюджет

10Ойыл аудандық соты

Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. Курьерлік жұмыс. Ғимаратты тазалауға көмектесу

80000 дана
1000 дана
1000 ш.м

3

3

Жергілікті бюджет

11Ойыл ауданының прокуратурасы

Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. Курьерлік жұмыс. Ғимаратты тазалауға көмектесу

80000 дана
1000 дана
1000 ш.м

3

3

Жергілікті бюджет

Барлығы

200

200

 

      Қоғамдық жұмыстың нақты шарттары.
      Жұмыс аптасының ұзақтығы екі демалыс күндерімен бес күн құрайды, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбек ақысы жұмыс уақытын есепке алу табелінде көрсетілген нақты еңбек еткен уақытына, жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады