Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 162 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 наурызда № 3822 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 321 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 18.02.2016 № 321 шешімімен (қабылдаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Облыстық жергілікті атқарушы органмен келісілген атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері осы шешімдегі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Н.Қарағұлов Д.Молдашев
      КЕЛІСІЛДІ:
      Ақтөбе обылысы әкімінің орынбасары
      С. Нұрқатова
      28 ақпан 2014 ж.

  Хромтау аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 ақпандағы № 162
шешіміне қосымша

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 20.05.2015 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.08.2015 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      Келесі санаттарға:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерiнде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
      мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 15 мың теңге мөлшерiнде;
      мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
      қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
      атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 18 жасқа дейінгі бала тәрбилеп отырған аз қамтылған отбасыларға, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай 20 мың теңге мөлшерiнде;
      онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандар және туберкулездің әртүрлі нысандарымен ауыратын азаматтар емделу мерзімі уақытында (жылдың 6 айға дейінгі шекте) шаруашылық жүргізу құқығындағы "Хромтау орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қоммуналдық кәсіпорнының тізімі бойынша, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Азаматтардың кейбір санаттары біржолғы әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқылы болған жағдайда, (статусына сәйкес) әр түрлі атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмектің тек бір түрі (мөлшері бойынша ең жоғары) көрсетіледі.
      Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Хромтау ауданындағы екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.
      Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге 8 мың теңге мөлшерінде;
      Үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне бір мүгедек балаға 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады