"Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі № 321 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 08 қазанда № 2865 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 30.06.2016 № 223 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы", 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бейсенов Мәлік Аманбайұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Тоқпейісов

  Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "08" қыркүйектегі "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 321 қаулысына қосымша

"Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Көксу ауданы аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 041200, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, № 38.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi.

      11. Осы Ереже "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      13. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      15. Мiндеттерi:

      1) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      2) ауыл шаруашылығы жерлерін бір түрінен басқа түріне ауыстыру туралы ұсыныстар дайындау;

      3) аудан бойынша жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыру.

      16. Функциялары:

      1) жер учаскелерін беру, алып қою және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі Көксу ауданы әкімдігінің қаулыларының жобалары мен ұсыныстарын дайындау;

      2) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға Көксу ауданы әкімдігінің рұқсатын беру туралы ұсыныстар дайындау;

      3) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      4) Көксу ауданының жер балансын жасау;

      5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

      6) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      7) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      8) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      9) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      10) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

      11) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қорғайтын аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

      13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      14) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;

      15) "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде іс қағаздарды жүргізуде құжаттармен қамтамасыз ету:

      іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді ұйымдастыру;

      қызметтік құжаттарды қарау;

      азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру.

      17. Құқықтары мен мiндеттерi:

      1) мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша қажетті ақпараттар сұрау және алу;

      2) жер заңнамаларына қайшы келетін жергілікті мемлекеттік басқару органдары шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу.

3. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      18. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі"мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары жоқ.

      21. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

      1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) барлық органдарда мекеме мүддесін ұсынады;

      3) мекеме мүлкіне иелік етеді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар береді;

      4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

      5) қызметкерлерді марапаттау шараларын қабылдайды және тәртіптік шаралар қолданады.

      "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің мүлкi

      23. Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастыралады.

      24. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншіке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ведомстволар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады