Талғар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы N 28-149 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментімен 2014 жылы 07 наурызда N 2604 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 37-216 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 17.11.2014 № 37-216 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 1- тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Талғар ауданының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талғар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық, мәдениет, тіл және спорт жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Бәзілхан А.

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Тебериков Д.

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Талғар аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Байсбаев Жаден Смайылұлы
      10 ақпан 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады