БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 9934 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
мынадай мазмұндағы 237-1-тармақпен толықтырылсын:
«237-1. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының жойылатын (таратылатын) құрылымдық (аумақтық) бөлімшелерінің жоспарлы тағайындауларын көшірген жағдайда, жоспарлы тағайындауларды қабылдап алған республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшілеріне немесе мемлекеттік мекемеге жоғарыда көрсетілген бөлімшелердің қызметкерлеріне еңбекақыны, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды аударуға, банктік көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеуге рұқсат етіледі.
Жойылатын (таратылатын) кезеңде өз функционалдық міндеттерін орындаған қызметкерлердің ағымдағы шоттары мен жинақтау шоттарына ақшаны аудару кезінде аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынылатын төлеуге берілетін шот пен ақшаны алушылардың тізімі негізделген және дұрыс болуы үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және мемлекеттік мекеме жауапты болады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) мыналарды:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2014 жылғы 12 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің төрағасы
________________ Қ. Келімбетов
2014 жылғы 12 желтоқсан