"Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 54 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 сәуірде № 2152 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 26 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 27.01.2016 № 26 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) Ережесі бекітілсін.
      2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 54 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз ведомствосы жоқ.
      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Жамбыл облысы әкімдігінің қаулыларына, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері.
      Пошталық индексі: 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 35.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар саласында сапалы және қолжетiмдi қызметтер көрсетуге бағытталған мемлекеттiк саясатты облыста тиiмдi iске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) мәдениет, мұрағаттар және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға, мұрағаттарды сақтауға бағытталған шаралар қабылдау;
      3) азаматтардың эстетикалық тәрбие алуына жағдайлар жасау;
      4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
      6) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
      7) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолдану;
      8) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуіне және әкелуіне, оған меншік иесі құқығының басқаға заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану, мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді және эксперттік комиссия құрып, аталған мемлекеттік қызметтің регламентін әзірлейді;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық - мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
      10) Жамбыл облысы мемлекеттік мұрағаттарында сақтаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпараттық қызмет көрсету және дерек қорын қалыптастыру;
      11) алыс және жақын шет елдердегі облыс тарихына қарасты мұрағаттық құжаттарды жинау және Қазақстан Республикасына қайтару және Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамы мен мазмұны туралы әдеби анықтамалық-ақпараттық мұрағаттық құжаттар басып шығару;
      12) құжат айналымының электрондық бірыңғай жүйесін енгізу, электрондық құжат айналымы және электрондық құжаттардың мұрағаттық сақтау базасын дамыту және автоматтандырылған технологияларды енгізу;
      13) археография, іс жүргізу және мұрағат ісін жүргізу саласын мемлекеттік мұрағат мекемелерінің әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен үйлестіру және ұйымдастыру;
      14) Қазақстан Республикасының Заңдарына берілген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
      16. Функциялары:
      "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) мәдениет саласында даму бағдарламаларын әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      2) театр, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөнінде облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, мәдениет саласындағы қызметін қамтамасыз етеді;
      3) Шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
      4) уәкілетті органның келісімі бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
      5) облыстың тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жұмыстарын ұйымдастырады;
      6) облыста орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;
      7) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
      8) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
      9) Жамбыл облысының даму бағдарламасының мәдениет, мұрағаттар жөніндегі бөлігін дайындау және орындалуын бақылау, 5 жылға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеу және бекіту;
      10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық мәдениет және мұрағаттар мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету үшін, олардың бюджеттік өтінімдерін бағалау, қарау және олар бойынша есептер дайындау;
      11) Қазақстан Республикасының Бюджеттік заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес, ішкі бақылау қызметінің жұмысын ұйымдастыру;
      12) белгіленген тәртіпке сәйкес мәдениет және мұрағаттар қызметкерлеріне атақтар, дипломдар және басқа да марапаттау мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға құжаттарды ұсыну.
      13) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын сақтауды, жинақтауды және пайдалануды ұйымдастыру;
      14) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету;
      15) іс жүргізу және мұрағат істері сұрақтары бойынша нұсқаулардың, сала аралық стандарттардың сақтау мерзімін істер номенклатурасы арқылы келісу;
      16) Жамбыл облысының даму бағдарламасының мұрағат ісі жөніндегі бөлігін әзірлеу, орындау және бақылау, бес жылға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеу және бекіту;
      17) Облыстық мұрағат мекемелерінің мемлекеттік желісін басқару және ведомстволық мұрағаттардың жұмысына, іс жүргізуді ұйымдастыруға сала аралық ұйымдық-әдістемелік басшылық жүргізу;
      18) Құжаттама және мұрағаттық іс саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдер ережелерін іске асыру;
      19) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қадағалау мен бақылау" Заңына сәйкес жылдық тексеру жоспарларын, тәуекел дәрежесін бақылау критерийлерін, тексеру парақтарын, ведомстволық есеп беру нысандарын әзірлеу және бекіту;
      20) Бірегей және аса құнды құжаттардың көшірмелерін мемлекеттік сақтандыру қоры бойынша құру;
      21) Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құжаттардың сақталуы мен іс жүргізу жағдайына тексеру жүргізу;
      22) Жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын орындауды ұйымдастыру;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      2) ведомствалардың функциялары:
      2.1. Әдебиет және өнер туындыларының сахналық көрсетілімдерін (драмалық, сатира және юмор, балалар мен жасөспірімдерге арналған, жастарға арналған, эксперименттік және өзгелері) жүзеге асырады;
      2.2. Музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, көркемдігі жоғары бағдарламалар мен нөмірлер жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру;
      2.3. Кітапханалар желісін құру және дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кітапхана пайдаланушыларға кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхана мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, кітапханалардың дамуын ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету;
      2.4. Музей жәдігерлері мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларды жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке танытуды қамтамасыз ету;
      2.5. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан мұрағат жұмысына және іс жүргізу жағдайына қатысты мәліметтерді сұрату және алу.
      2.6. Мемлекеттік орган мен өзге де ұйымдардың өкілдеріне мұрағат жұмысы және іс жүргізу жағдайына қатысты сұрақтарға әдістемелік көмек көрсету.
      2.7. Барлық жеке және заңды тұлғалардын нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес құжаттама және мұрағат ісін жүргізуін қадағалап, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорына құжаттарының сақталуы мен пайдалануын және де мемлекеттік тұрақты сақтауға дайындап өткізуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
      2.8. Барлық ұйымдардың міндетті орындауы үшін құжаттама және мұрағат ісіне қатысты өз құзыретінің шектігіне қарай нормативтік-құқықтық актілерді беру.
      2.9. ҚР Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын сақтау және пайдалану ережесін бұзған лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізу.
      2.10. Қазақстан Республикасының заңнамаларында қаралған басқа да функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1. Құқықтары:
      1) Жамбыл облысының әкімдігіне мәдениет, мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары жөнінде ұсынысты енгізуге және басқарманың құзырына қарасты жұмыстарды жетілдіру және жақсарту бағытындағы сұрақтар бойынша ұсыныстарды енгізуге;
      2) Басқарманың өз құзыры шегінде актілерді әзірлеуге;
      3) Басқарманың құзырына қарасты сұрақтар бойынша облыстық әкімдіктің алқа мәжілісінде қаралуына ұсыныстар беруге;
      4) Өз құзыретіне қарасты сұрақтар бойынша басқармада белгіленген тәртіппен мәжіліс өткізуге;
      5) Құрылтайшы құжаттарда қаралған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға қаражаттар пайдалануға;
      6) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының атынан сотта талапкер және жауапкер болуға;
      7) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
      8) Мемлекеттік органдар және басқа ұйымдардан мұрағаттар мен іс жүргізу жағдайы туралы қажетті мәліметтерді сұрауға және оларды алуға;
      9) Мемлекеттік органдар және басқа ұйымдардың өкілдерін мұрағаттар мен іс жүргізу жағдайы мәселелері бойынша тыңдауға;
      Міндеттері:
      10) Оқшауланған мүлікке жедел басқару құқығына ие болуға;
      11) Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға;
      12) Өз құзыреті шегінде өзіне ведомстволық қарасты ұйымдардың әрекеттеріне басшылықты жүзеге асыруға;
      13) мұрағат ісін және құжаттарды жүргізуге байланысты нормативтік және құқықтық актілердің барлық заңды және жеке тұлғалар тарапынан сақталуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын пайдалану мен сақтау, оларды тұрақты мемлекеттік сақтауға дайындау және өткізу ісіне мемлекеттік бақылауды іске асыру;
      14) мұрағат ісін дамыту және облыстың тарихи мұрасына қатысты құжаттар көшірмесін анықтау және алу бойынша тәуелсіз мемлекеттер достастығы және елдердің мұрағат мекемелерінен іскерлік байланыста және сыртқы экономикалық қызметті орнату;
      15) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын пайдалану және сақтау нормалары мен ережелерінің бұзылуына айыптыларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар беруге.
      16) Қазақстан Республикасының Заңдарында берілген басқа да құқықтарды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жамбыл облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы туралы Ережені облыс әкімдігіне, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы штаттық кестесі мен құрылымын облыс әкімінің бекітуіне ұсынады, бекітілген штат саны шегінде өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасайды;
      өзінің бұйрығымен облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасарларын, бөлім басшыларын, бас мамандарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оларға тәртіптік жаза қолданады, сыйақылар береді, материалдық көмек көрсетеді, жыл сайынғы еңбек демалыстарын береді;
      басқарманың ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;
      мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
      банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
      заңнамада белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің сандық лимитін, штат кестесін бекітеді;
      басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
      азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың директорларын, орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың бас бухгалтерлерін тағайындауға және босатуға келісім береді;
      мекеменің басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі.
      "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі:

      1) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық қазақ драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      2) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық орыс драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      3) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      4) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Облыстық халық шығармашылығы орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      5) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Облыстық кино орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      6) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      7) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      8) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Мойынқұм аудандық Ж. Қуанышбаев атындағы музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      9) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Талас аудандық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      10) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Қордай аудандық К. Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

"Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      1) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Тараз қаласының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Байзақ ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Жамбыл ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Жуалы ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Қордай ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Меркі ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Мойынқұм ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Сарысу ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Т. Рысқұлов ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Талас ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Шу ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады