"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2012 жылдың 16 мамырындағы № 5-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 26-7 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 сәуірде № 2161 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 20.05.2016 № 3-5 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2012 жылдың 16 мамырындағы № 5-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6-6-111 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 маусымдағы № 74 "Меркі тынысы-Меркенский вестник" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтағы "3 000 (үш мың) теңге деген сан "5 000 (бес мың)" теңге деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық, аграрлық, шағын және орта бизнесті дамыту, бюджет пен салық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Б. Иманбетов І. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады