Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 маусымда № 3113 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 қазандағы № 56-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 24.10.2019 № 56-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Меркі аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына бір рет жергілікті бюджет қаражаты есебінен 8 000 (сегіз мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 01.03.2017 № 14-11 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Меркі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік–экономикалық, қаржы, бюджет пен салық және жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жұктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Н. Сейсенбаев І. Ахметжанов

  Меркі аудандық мәслихатының
2016 жылғы 20 мамырдағы
№ 3-5 шешіміне қосымша

Меркі аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізімі

      1) "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 5-6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6-6-111 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 маусымдағы № 74 "Меркі тынысы–Меркенский вестник" газетінде жарияланған);

      2) "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Меркі аудандық мәслихатының 2012 жылдың 16 мамырдағы № 5-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 04 сәуірдегі № 12-7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1930 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 мамырдағы № 37-38 "Меркі тынысы–Меркенский вестник" газетінде жарияланған);

      3) "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2012 жылдың 16 мамырындағы № 5-6 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 26-7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 2161 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы № 37 "Меркі тынысы–Меркенский вестник" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады