2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 79 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 мамырда № 2231 болып тіркелді

     РҚАО-ның ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Тоқсанбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Аудан әкімі

Қ. Мәдібек


Сарысу ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 79 қаулысына қосымша

2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
 


 

Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар
 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы (орын), оның ішінде қаржыландырылатын
 

Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын
 

Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)
 

республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге)
 

Жергілікті бюджет есебінен (теңге)
 

республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге)
 

Жергілікті бюджет есебінен (теңге)
 

1
 

Балабақшалар (ауыл)
 

100
 

300
 

19413
 

19413
 

5000
 

2
 

Шағын орталықтар (ауыл)
 

200
 

50
 

13654
 

13654
 

3500
 

3
 

Балабақшалар (қала)
 

585
 

280
 

17782
 

17782
 

5000
 

4
 

Шағын орталықтар (қала)
 

75
 

50
 

12195
 

12195
 

3500
 

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады