"Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 26-10 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 35-8 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қазанда № 2353 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 20-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 06.04.2022 № 20-3 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 26-10 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2155 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 45-46 аудандық "Сарысу" газетіне жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      5 тармақта:

      1 абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      - Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жинтық табысын есептеу қағидасына" (Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде 2012 жылғы 6 ақпанда № 7412 болып тіркелген) сәйкес анықталды.

      6 тармақта:

      1 абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      -Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш қабылдау ағымдағы тоқсанның ішінде жүргізіледі және тоқсанға толығымен тағайындалады.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылысы, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      С. Әбдімәліков Б. Дондаұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады