Сайлауды өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайларды беру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 305 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қыркүйекте № 2324 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт жүргізу науқанын өткізу мақсатында, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Ғалымжан Әлімқұлұлы Шыршынбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудан әкімі                                Б. Рысмендиев

Талас ауданы әкімдігінің
      2014 жылғы «25» тамыздағы
      № 305 қаулысына қосымша

Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Елді мекеннің атауы

Кездесулер өткізілетін орындар

1

Қаратау қаласы

Балалар өнер мектебінің акт залы

2

Ақкөл ауылы

Ақкөл мәдениет үйі

3

Аққұм ауылы

Аққұм мәдениет үйі

4

Бостандық ауылы

Бостандық мәдениет үйі

5

Майтөбе ауылы

Майтөбе ауылдық клубы

6

Бөлтірік ауылы

Бөлтірік ауылдық клубы

7

Көктал ауылы

М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің акт залы

8

Қызыләуіт ауылы

Қызыләуіт мәдениет үйі

9

Есейхан ауылы

Есейхан мәдениет үйі

10

Қасқабұлақ ауылы

Қасқабұлақ ауылдық клубы

11

Ойық ауылы

Ә. Тәжімбетов атындағы мәдениет үйі

12

Тамды ауылы

Тамды мәдениет үйі

13

Үшарал ауылы

Үшарал мәдениет үйі

14

С. Шәкіров ауылы

С. Шәкіров мәдениет үйі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады