"Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 35/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 тамызда № 2716 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қолайсыз сыртқы әсерден "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемені ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" (бұдан әрі - ұлттық парк) республикалық мемлекеттік мекемесінің шекарасының айналасында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай және жер санатын өзгертпей, жалпы алаңы 138917 гектар, ені екі шақырымнан кем емес қорғау аймағы;

      ұлттық парк шекарасының периметрі бойынша қорғау аймағы шекарасы;

      ұлттық парктің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.11.2021 № 81/01 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Н. Әбдібеков


  Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 15 шілдедегі
№ 35/01 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.11.2021 № 81/01 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" (бұдан әрі – ұлттық парк) республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін жер пайдаланушылардың дәстүрлі шаруашылық қызметінің негізгі түрлеріне рұқсат етіледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.11.2021 № 81/01 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Ұлттық парктің қорғау аймағында жол берілмейді:

      1) 1 жаңа елді мекендер құруға және бар елді мекендерді кеңейтуге;

      2) ұлттық парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгізуге;

      3) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi үшiн зәрлi пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;

      4) атмосфераға шығаруға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттар және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;

      5) пайдалы қазбалар өндіруге;

      6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;

      7) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;

      8) ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға);

      9) жабайы жануарлар мен жабайы өскен өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіруге;

      10) ұлттық парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін басқа да қызметке.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.11.2021 № 81/01 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Ұлттық парктің қорғау аймағының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) орман шаруашылығы қызметі;

      2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық сан алуандықты ұзақ уақытты сақтау мен беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

      3) туристік және рекреациялық қызмет;

      4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

      5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

      7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;

      8) орман және өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;

      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

      10) жер учаскілерінде туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек және құрып бара жатқан түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, ұлттық парк қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер үлестерін беру үшін пайдалану.

      4. Ұлттық парктің қорғау аймағында жоғарыдағы 3-тармақта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ұсынған ерекше құнды учаскілерге, сондай-ақ ұлттық парктің қорының өзге объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады