Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 81/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қарашада № 25216 болып тіркелді

      Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 12
қарашадағы
№ 81/01
қаулысына қосымша

Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 36/03 "Қарағанды облысының аумағында "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы" қаулысында (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1888 болып тіркелген):

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің қорық аумағы шекара жерінен жалпы көлемі 50779 гектар, ені екі километр, оның ішінде солтүстік учаске 11292 гектар және оңтүстік учаске 39487 гектар жер пайдаланушылар мен меншіктегі жер учаскелерінен алып тастауынсыз Қарағанды облысының Нұра ауданының аумағында қорғау аймағы белгіленсін.";

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.";

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібінде:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі";

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қарағанды облысының аумағында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" (бұдан әрі – Қорық) мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі осы аумақтың қызметін шектеу, экологиялық жүйе жағдайына кері әсерін тигізуден сақтау мақсатында белгіленген.";

      7 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi үшiн зәрлi пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;".

      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 52/01 "Қарағанды облысының аумағында "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы" қаулысында (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1989 болып тіркелген):

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қарағанды облысының аумағында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" (бұдан әрі – ұлттық парк) мемлекеттік мекемесінің шекарасының аумағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай және жер санатын өзгертпей, жалпы аумағы 9691 гектар, ені екі шақырым қорғау аймағы;

      қосымшаға сәйкес ұлттық парктің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі;

      ұлттық парктің шекарасы конфигурациясына ұқсас қорғау аймағының шекарасы белгіленсін.";

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібінде:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі";

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қарағанды облысының аумағында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" (бұдан әрі – ұлттық парк) мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін жер пайдаланушылардың ұлттық шаруашылық қызметінің негізгі түрлеріне рұқсат беріледі.";

      2 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi үшiн зәрлi пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;".

      3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 56/02 "Қарағанды облысының аумағында "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы" қаулысында (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1988 болып тіркелген):

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қарағанды облысының аумағында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" (бұдан әрі - ұлттық парк) республикалық мемлекеттік мекемесінің шекарасының аумағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай және жер санатын өзертпей, жалпы аумағы 9003,2 гектар, ені екі шақырымнан кем емес қорғау аймағы;

      ұлттық парк шекарасының периметрі бойынша қорғау аймағы шекарасы;

      қосымшаға сәйкес ұлттық парктің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.";

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібінде:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі";

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" (бұдан әрі – ұлттық парк) республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін жер пайдаланушылардың ұлттық шаруашылық қызметінің негізгі түрлеріне рұқсат беріледі.";

      2 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi үшiн зәрлi пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;".

      4. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 35/01 "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы" қаулысында (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 2716 болып тіркелген):

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" (бұдан әрі - ұлттық парк) республикалық мемлекеттік мекемесінің шекарасының айналасында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай және жер санатын өзгертпей, жалпы алаңы 138917 гектар, ені екі шақырымнан кем емес қорғау аймағы;

      ұлттық парк шекарасының периметрі бойынша қорғау аймағы шекарасы;

      ұлттық парктің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.";

      Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібінде:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі";

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" (бұдан әрі – ұлттық парк) республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін жер пайдаланушылардың дәстүрлі шаруашылық қызметінің негізгі түрлеріне рұқсат етіледі.";

      2 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi үшiн зәрлi пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады