Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы № 27/7 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 31/7 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 қыркүйекте № 2742 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы № 27/7 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2579 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 11 (14) "Вести Темиртау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Көрсетілген шешіммен бекітілген, Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы ережесінің 18-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтінішпен қоса Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
      2) Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесіне 1-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы шешім алғаш жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ф. Валеев

      Мәслихат хатшысы                           В. Свиридов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ______________________Ю.Ким
      20 тамыздағы 2014 ж.

Теміртау қалалық мәслихатының
2014 жылғы 20 тамыздағы
№ 31/7 шешіміне қосымша

Теміртау қаласы мен Ақтау кенті
тұрғындарына тұрғын үй көмегін
көрсету тәртібі мен мөлшері туралы
ережесіне 1-қосымша

Уәкілетті органның
басшысына
_______________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

Тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі өтініш

Мен _________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы тұрғын меншік үйдің иесі (жолдаушы) болып табыламын, жеке куәлік № _______________,
_________________________________________ берілген.

Мына мекен-жай бойынша тұрып жатқан ________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________менің ____ адамнан
құралатын отбасыма тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынылатын тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды сұраймын.

Өтініш беруші отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Туылған күні

Туыстық қатынасы

Әлеуметтік мәртебесі




































Өтінішке қоса қажетті құжаттарды ____ данада ұсынып отырмын.

Жеке шоттың № ________________________________________, банктің
атауы _____________________________________________________________

Күні "____"__________ 20____ж.

Өтініш берушінің қолы ________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады