Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1997 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 ақпанда № 2534 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабын , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына, Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1997 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді өткізу және оларды әскери есепке алу мақсатында, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1997 жылы туған ер азаматтарды тіркеу 2014 жылдың қаңтарынан наурызына дейін кезеңде ұйымдастырылсын.
      2. Абай ауданының кент, ауылдық округтар және ауыл әкімдері 1997 жылы туған жасөспірімдердің Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін.
      3. Абай ауданы әкімінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы "Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1996 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы" № 2 шешімі (2013 жылғы 26 қаңтардағы № 4 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) жойылсын.
      Ескерту. Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 19.12.2012 № 2 шешімі РҚАО-ға түскен жоқ.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі                       А. Елжасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады