Ауданда 2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 80/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қаңтарда № 2920 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5 тармақшасына және 20 бабының 5 тармағы 2 тармақшасының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      2. «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.А.Тулеуова):
      1) қоғамдық жұмыстар өткізуге аудан бюджетінде 2015 жылға көзделген қаражат шегінде бекітілген тізбеге сәйкес, жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді жүзеге асырсын;
      2) қоғамдық жұмыстарды орындауға ұйымдармен шарт жасаған кезде кейінгі жұмысқа орналастырылу мүмкіндігін көздесін;
      3) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджет қаражатынан, жұмыспен өтілген уақытына екінші деңгейлі банктерде енгізу жолымен жұмыссыздардың жеке шотына төленсін;
      4) қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысы ең төменгі бір жалақы мөлшерінде төленсін;
      5) қоғамдық жұмыстарға жіберілген бір жұмыссыздың жұмыс уақытының ұзақтығы – аптасына 40 сағаттан аспауы, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулер ескеріліп, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен екі демалыс күні бекітілсін.
      3. «Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е.Е.Теміров) қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысына ақшалай қаражатты уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлына Ламбековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таралады.
 
 

      Осакаров ауданының әкімі

С. Аймаков


Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 80/01 қаулысына қосымша

Жұмыссыздарға ұйымдастырылатын
2015 жылға арналған қоғамдық жұмыс көлемдері мен түрлері, ұйымдардың
тізбесі
 


 

Ұйымдар және мекемелердің атауы
 

Адам саны
 

Жұмыстар мен қызметтердің түрлері
 

Жұмыстардың ұзақтығы (ай)
 

Жұмыстардың көлемі
 

1
 
 

Кенттер мен ауылдық округтар әкімдерінің аппараттары
 

442
 

Тұрғындардың үйлерін аралау, ауылдық округтердің, кенттердің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу, статистикалық тексеріс;
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына елді мекендерге, бейттер аумағын жинауға көмек;
жолдар салу және жөндеу, су коммуникациясының төселімі, мелиорация жұмысын өткізу;
тұрғын үйді, сондай-ақ әлеуметтік мәдени мақсатындағы нысандарды салуға, күрделі жөндеуге қатысу;
ескерткіштерді күзету және қалпына келтіру;
аймақты экологиялық сауықтандыру («Жасыл ел», «Ағаш отырғызу»);
айтулы, мерейтой күндері бойынша мерекелерді өткізу мәдени мақсатындағы ауқымды іс-шараларын ұйымдастыруға көмек;
қоғамдық пікір сұрастыру, республикалық, аймақтық қоғамдық компанияларға көмек;
жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтім көрсету;
«Мейірімді бибі», «Құрылыс бригадалары» бағдарламаларына қатысу. Медициналық, тігін және шаштараз басқа да қызметтер (қайырымдылық асхана) көрсету жөніндегі әлеуметтік-тұрмыстық орталықтардың жұмысын жалғастыру.
 

1-6
 
 

9325 аула
 
 

0,5-3
 


1-3
 
 

200 километр
 
 

1-3
0,5
 

24 нысан
8 ескерткіш
 
 

0,5
 
 

1500 дана
 
 

1
 


1-6
 
 


0,5-3
 
 

77 адам
 
 

1-11
 

22 пункт
 

2
 

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Осакаров ауданы әкімдігінің аудандық мәдени – сауықтыру орталығы»
 

5
 

Мәдени және демалыс орталық саябағының аумағын көркейту, көгалдандыру, тазарту.
 

2
 

7 гектар
1400 дана
 

3
 

«Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарттарға және мүгедектерге үйде күндізгі күтім бөлімі
 

6
 
 

Осакаровка кентінде медициналық, тігін және шаштараз қызметтер көрсету жөніндегі әлеуметтік-тұрмыстық орталықтың жұмысы;
 

1-11
 
 

2000 адам
 
 

6
 
 

айтулы мерейтой күндері бойынша мерекелерді өткізу мәдени мақсатындағы ауқымды іс-шараларын ұйымдастыруға көмек;
 

2
 


8
 

мейірім үйіне және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтім;
 

3
 

74 адам
 
 

4
 

әлеуметтік қызмет: үй аралау, материалдық - тұрмыстық актілерді жасау, құжаттарды тігу, істерді қалыптастыру.
 

2
 

58 аула
58 акт
58 іс
 

4
 

«Осакаров ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі
 

6
 

Азаматтарды шақыруды ұйымдастыруда техникалық көмек көрсету (жеке істерді тігу, шақыру қағаздарын тарату).
 

3
 

3500 дана
8500 дана
 

5
 

«Осакаров ауданының салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі
 

9
 

Жерге, көлік құралдарына, мүлікке салық төлеу жөніндегі түбіртектерді, хабарламаларды жазу және (аулаларға) жеткізу.
 

3
 

5000 дана
3000 дана
10000 дана
 

6
 

«Осакаров ауданының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі
 

8
 

Нарядтар мен істерді тігу, қалыптастыру, мұрағат құжаттары мен тізімдерді құрастыру;
мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды қалыптастыру және мұрағат құжаттарын өңдеу.
 

3
 

2000 дана
 

7
 

«Осакаров ауданының
әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
 

4
 

Мұрағат кітаптарын ішінара жаңғырту, кітаптарды тігуге дайындау және жиынтықтау, үй аралау, сұратулар бойынша іздеу.
 

3
 

18000 дана
4560 аула
3000 сұрау
 

8
 
 

«Қазақстан Республикасының еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Қарағанды облысы Осакаров ауданының филиалы
 

2
 

Ағымдағы және ұзақ сақталатын зейнетақы мен жеке істер мұрағатын өңдеу және сканерлеу.
 

2
 

13983 іс
 

9
 

«Қазақстан Республикасының Әділет департаментінің» мемлекеттік мекемесінің «Осакаров аумақтық сот орындаушылар бөлімі» филиалы
 

2
 

Мұрағатты өңдеу, хабарландыруларды тарату.
 

3
 

1200 іс
 

10
 

«Осакаров ауданының орталық кітапхана жүйесі»
мемлекеттік мекемесі
 

2
 

Косметикалық жөндеу, кітап қорын тексеруге көмек.
 

2
 

800 шаршы метр
45000 дана
 

11
 

«Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
 
 

2
 

Мұрағат құжаттары мен тізімдерін құрастыру, істерді тігу, қалыптастыру.
 

2
 

2000 дана
 
 

12
 

«Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
 

4
 

Мұрағат құжаттары мен тізімдерін құрастыру, істерді тігу, қалыптастыру.
 

3
 

2000 дана
 

13
 

«Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
 

3
 

Мұрағат құжаттары мен тізімдерін құрастыру, істерді тігу, қалыптастыру.
 

3
 

2000 дана
 

14
 

«Осакаров ауданының
ішкі істер бөлімі»
 

5
 

Мұрағат құжаттары мен тізімдерін құрастыру, істерді тігу, қалыптастыру.
 

3
 

2000 дана
 

15
 

Мемлекеттік мекемесі «Осакаров ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
 

2
 

Мұрағат құжаттары мен тізімдерін құрастыру, істерді тігу, қалыптастыру.
 

3
 

2500 дана
 

16
 

«Осакаров ауданының сәлет қала кұрылысшы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
 

2
 

Мұрағат құжаттары мен тізімдерін құрастыру, істерді тігу, қалыптастыру.
 

3
 

2000 дана
 

17
 

«Осакаров аудандық соты» мемлекеттік мекемесі
 

2
 

Мұрағат құжаттарын өңдеу және мұрағатқа тапсыру үшін істерді қалыптастыру.
 

3
 

1500 дана
 

18
 

      «Осакаров ауданының
№ 2 аудандық соты» мемлекеттік мекемесі
 

3
 

Шақыру қағаздарын тарату;
мұрағат құжаттарын өңдеу және мұрағатқа тапсыру үшін істерді қалыптастыру.
 

2
 

1500 дана
 

19
 

«Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Осакаров филиалы
 

3
 

Мұрағат құжаттарын құрастыру және тізімін қалыптастырып тігу ісі.
 

3
 

2000 іс
 

20
 

«Қазпочта» акционерлік қоғамының Қарағанды облысындағыфилиалының Осакаров аудандық пошта торабы
 

15
 

Алдынғы кезеңмен жарияланған басылымдарды окырмандарға жеткізу үшін.
 

12
 

2000 дана
 

21
 

«Осакаров ауданы мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі
 

2
 

Мұрағат құжаттарына тізім құру, жинақтық жұмыстарды тігу.
 

6
 

2000 іс
 


      № 80/01 қаулысына қ
 



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады