Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1998 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 2891 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты өз әрекетін тоқтатты

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына сәйкес, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1998 жылы туған ер азаматтарды тіркеу, 2015 жылдың қантар айынан наурызына дейін ұйымдастырылсын.

      2. Шет ауданының ауылдық округтер мен кент әкімдері ұландардың Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне комиссияға ұйымдастырушылық және міндетті келуін қамтамасыз етсін.

      3. Шет ауданы әкімінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 01 "Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1997 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің Тізіліміне №2469 санды болып тіркелген, аудандық "Шет шұғыласы" газетіне 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №52 (10.464) жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      4. Осы шешімнің орындалын бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары А. Әбілдинге жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Шет ауданының әкімі

Р. Әбдікеров


      КЕЛІСІЛДІ:

      Шет ауданының қорғаныс істері

      жөніндегі біріктірілген бөлімінің

      бастығы

      Ш. Сарбаев

      26.11.2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады