Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы N 26/2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 наурызда N 4621 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы N 36/4 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 27.11.2014 N 36/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы Қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Қызылорда қалалық
      мәслихаттың кезектен тыс
      ХХVI сессиясының төрайымы
      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы

Г. ЖҰМАШЕВА
 
И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ


Қызылорда қалалық мәслихатының
2014 жылғы 18 желтоқсандағы кезектен тыс
XXVI сессиясының N 26/2 шешімімен бекiтiлген

Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6 тармағына сәйкес әзiрлендi және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын) жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.
 

2. Бөлек жиындарды өткiзу тәртiбi

      3. Бөлек жиынды кент және ауылдық округтің әкімі шақырады.
      Қызылорда қаласы әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.
      4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді кенттің және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
      7. Бөлек жиынды кент, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.
      Кент және ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
      Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.
      8. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.
      9. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті кент және ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады