"Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 204 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 желтоқсандағы № 261 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда № 4820 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 мамырдағы № 295 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 24.05.2019 № 295 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 1- тармағы 15) тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 - бабының 5 - тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 204 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4667 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" газетінің 2014 жылғы 24 мамырдағы № 43 сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін.

      1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет, білім берудің педагог кызметкерлеріне және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек берілсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


Қазалы аудандық мәслихатының


кезектен тыс XXХVІІІ сессиясының төрағасы,


Қазалы аудандық мәслихатының


хатшысы

Т.Бөріқұлақов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады