Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі N 204 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 мамырда N 4667 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 мамырдағы № 295 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 24.05.2019 № 295 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Қазалы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет, білім берудің педагог кызметкерлеріне және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 05.12.2014 № 261 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

Қазалы аудандық мәслихатының

кезектен тыс ХХІХ

сессиясының төрағасы

Қазалы аудандық

мәслихатының хатшысы

Н. Наурызбаев


Т. Бөріқұлақов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады