"Сарыкөл ауылдық округi аумағында шектеу iс шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимiн белгiлеу туралы" Сарыкөл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық округi әкiмiнiң 2014 жылғы 24 желтоқсандағы N 12 шешiмi. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 26 қаңтарда N 4855 болып тiркелдi

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7 тармағына сәйкес Сарыкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Сарыкөл ауылдық округі аумағында шектеу іс шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы» Сарыкөл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 2 шешіміне (нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 4688 болып тiркелген, 2014 жылғы 30 мамырда "Тұран-Қазалы" газетiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Сарыкөл ауылдық округiнің Абай ауылы, "Құланбай" және "Кене" учаскелері аумағында ұсақ малдар арасында сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.».
      Шешімнің тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      «Сарыкөл ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы».
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау "Сарыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы С.Қасымовқа жүктелсін.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Сарыкөл ауылдық округінің әкімі

Ә. Дидаров

      КЕЛIСIЛДI:
      " Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлiгi
      Ветеринариялық бақылау
      және қадағалау комитетiнiң
      Қазалы аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттiк
      мекемесiнiң басшысы


      міндетін уақытша атқарушы
      _____________ Н.Наурызбаев
      "24" желтоқсан 2014 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады