"Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 маусымдағы N 33-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 04 қарашадағы N 39-3 шешiмi. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2014 жылғы 04 желтоқсанда N 4807 болып тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 28-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 11.09.2018 № 28-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. “Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 маусымдағы № 33-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4702 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      “1. Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет ұйымдарының мамандарына, сондай-ақ ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог кызметкерлеріне және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға аудан бюджеті қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.”.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Жалағаш аудандық

мәслихатының XХХІХ

сессиясының төрағасы

Жалағаш аудандық

мәслихатының хатшысы

Б.СЫЗДЫҚОВ


К.СҮЛЕЙМЕНОВ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады