Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 28-3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 қыркүйекте № 6442 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 қазандағы № 46-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 21.10.2019 № 46-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5тармағына сәйкес, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (әрі қарай - мамандар) отын сатып алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілсін (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау).

      2. Мамандарға әлеуметтік қолдауды тағайындауды “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай –уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      3. Әлеуметтік қолдау алу үшін мамандар уәкілетті органға немесе “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Жалағаш аудандық бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне жүгінеді және “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелген) 23-қосымшасымен бекітілген “Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      4. Әлеуметтік қолдау мамандар қажетті құжаттардың топтамасын ұсынғаннан кейін тағайындалып, ағымдағы жылдың қаржыландыру жоспарына сәйкес төленеді.

      5. Жалағаш аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) “Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 33-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4702 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымда “Жалағаш жаршысы” газетінде, 2014 жылғы 23 маусымда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) “Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 33-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 қарашадағы № 39-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4807 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 13 желтоқсанда “Жалағаш жаршысы” газетіне, 2014 жылғы 19 желтоқсанда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған жарияланған).

      6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық мәслихатының
28-сессиясының төрағасы
Т. ТУЛЕГЕНОВ
      Жалағаш аудандық мәслихатының
хатшысы
М.ЕСПАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады