Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің шекарасын (шегін) белгiлеу және өзгерту туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі N 180 қаулысы және Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі N 234 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 мамырда N 4682 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 21.08.2023 № 220 қаулысымен және Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 21.08.2023 № 49 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 21.08.2023 № 220 қаулысымен және Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 21.08.2023 № 49 шешімімен.

      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сырдария ауданының әкімі Ғ. Қазантаев
      Сырдария аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХІХ сессиясының төрағасы Д. Ералиев
      Сырдария аудандық мәслихатының хатшысы Б. Маншарипов

  бірлескен Сырдария
ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі № 180
қаулысына және Сырдария
аудандық мәслихатының
2014 жылғы 30 сәуірдегі № 234
шешіміне қосымша

Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің шекарасы (шегі)

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 21.08.2023 № 220 қаулысымен және Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 21.08.2023 № 49 шешімімен.

Елді мекен-нің атауы

Жал-пы көл-емі (-)

Оның ішінде (гектар):

ауыл шаруа-шыл-ығы алқап-тары

Оның ішінде (гектар):

орма-нды алқа-птар

ка-нал асты жер-лер

алаң-дар мен аула-лар-дың, көше-лер, жол асты жер-лер

құ-ры-лыс асты жер-лер

басқа алқа-птар

егістік

тыңайған жер

жайылымдар

бақша

1

Тереңөзек кенті

2527,6

1386,92

-

250,0

1136,92

-

359,0

16,5

89,0

33,09

643,09

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады