Ақтау қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 26 "2014 жылға Ақтау қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 740 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 маусымда № 2454 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы»«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 12.03.2014 жылғы № 02-17-567 ұсынысына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ақтау қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 26 «2014 жылға Ақтау қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2343 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 20-21(8530) «Маңғыстау» газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
      қаулының 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «4. Осы қаулы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
      2. «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Н. Хайрлиева) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Қала әкiмi                              Е. Жаңбыршин 
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      «Ақтау қалалық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г.Н. Хайрлиева
      26 мамыр 2014 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады