Сайлау учаскелерінің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 1 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 ақпанда № 2362 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 15.05.2017 № 1 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына сәйкес және аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауданда дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін қоса беріліп отырған қосымшаға сай шекарасы мен орталығы анықталған № 122 сайлау учаскесі құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 19.06.2015 № 2 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Аудан әкімінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 3 "Сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде тіркелген нөмірі 11-3-119, алғашқы ресми жарияланған күні 2011 жылғы 19 мамыр, ресми жариялау көзі "Рауан" газеті) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімінің 1-қосымшасында:

      № 180 сайлау учаскесіне қатысты бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 180 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Атамекен орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы Б.Майлин көшесіндегі № 81-240 үйлер, Қ.Сәтбаев көшесіндегі № 147-280 үйлер, Т.Рысқұлов көшесіндегі № 139-280 үйлер, Рзаевтар көшесіндегі № 49-150 үйлер, Сүгір Бегендікұлы көшесіндегі № 1-100 үйлер, Аманбай ата, Ш.Шыңғысов, А.Өтеуов, Матай, Қайдақ, Достық, Ынтымақ, Бірлік, Білеулі, Белдеулі, Жезді, Аспантай, У.Қайралапов, Ә.Жаманбаев, Қ.Жылқыбаев, Тұрыш ата, Қарақоға, Қарағайлы, Шоғы, Қосарқан, Шахан, Уәлі, Сайқұдық, Опорная, Мұрын, Манашы, Айрақты, Жайылған, Дағар, Шаршы, Шүңкілдек, Күйкен, Құсшы, Есенқазақ, Теректі, Лабақ батыр, Бопай ханым, Әбілхайыр хан, Абылайхан көшелеріндегі үйлер.";

      шешімнің 2-қосымшасында:

      № 82 сайлау учаскесі, № 84 сайлау учаскесі, № 145 сайлау учаскесі және № 155 сайлау учаскесіне қатысты бөліктері тиісінше мынадай редакцияларда жазылсын:

      "№ 82 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы Б.Майлин көшесіндегі № 1-80 үйлер, Қ.Сәтбаев көшесіндегі № 1-86 а үйлер, Т.Рысқұлов № 1-80 үйлер, Жамбыл көшесіндегі № 1-40 үйлер, Т.Тоқтаров, Д.Нұрпейсова, Сәттіғұл, Айназар ата, С.Датұлы, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев көшелеріндегі үйлер.";

      "№ 84 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Үстірт орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ахтан Керейұлы көшесіндегі № 1-20 үйлер, Ерменбет би көшесіндегі № 1-26 үйлер, Тұрманбет батыр көшесіндегі № 1-27 үйлер, Ә.Өтеғұлұлы (Әділ) көшесіндегі № 1-27 үйлер, Т.Шыршығұлұлы (Тастемір) көшесіндегі № 1-29 үйлер, Т.Алдашұлы (Тұрсын) көшесіндегі № 1-29 үйлер, Досат көшесіндегі № 101-117 үйлер, М.Әуезов көшесіндегі № 71-85 үйлер, Атағозы батыр көшесіндегі № 51-85 үйлер, Жамбыл көшесіндегі № 41-70 үйлер, С.Қилыбаев, С.Сейфуллин, Барақ батыр, Құлша Тілеуұлы, Абай, Құрманғазы, Тоқабай Құрмаш, И.Сүйеубаев, Ә.Жанкелдин көшелеріндегі үйлер.";

      "№ 145 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Абай атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы № 1-29, 47-49, 53-56, № 59-61 көп қабатты үйлер, Сұлтан Бейбарыс, Қ.Боқанұлы, Төремұрат, С.Ақшабаев, Ж.Қалдығараев, Қашаған көшелеріндегі үйлер, локомотив депосының жатаханасы, туберкулез ауруханасы, аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторы, 1-ауыл, ККП, № 1, 2 разъезд үйлері және Көне Бейнеу, Борқұдық, Байкүшік жерлеріндегі үйлер.";

      "№ 155 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Манашы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы Қ.Сәтбаев көшесіндегі № 87-146 үйлер, Т.Рысқұлов көшесіндегі № 81-138 үйлер, Рзаевтар көшесіндегі № 1-48 үйлер, Досат көшесіндегі № 1-100 үйлер, М.Әуезов көшесіндегі № 1-70 үйлер, Атағозы батыр көшесіндегі № 1-50 үйлер, Самалық батыр көшесіндегі № 1-48 үйлер, Балуанияз көшесіндегі № 118-280 үйлер, Қ.Тоқсанбайұлы көшесіндегі № 115-280 үйлер, Амантұрлы батыр көшесіндегі № 128-280 үйлер, Асау батыр көшесіндегі № 128-280 үйлер, Қалнияз ақын көшесіндегі № 58-120 үйлер.".

      3. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ү.Әмірханова) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
К. Машырықов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейнеу аудандық сайлау

      комиссиясының төрайымы

      Күләнда Аймағамбет

      21 февраля 2014 жыл

  Аудан әкімінің 2014 жылғы
21 ақпандағы № 1 шешіміне
қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 19.06.2015 № 2 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      № 122 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Сам орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы Амантұрлы батыр атындағы көшедегі № 1-127 үйлер, Асау батыр атындағы көшедегі № 1-127 үйлер, Қалнияз ақын атындағы көшедегі № 1-57 үйлер, Қожакелді Тоқсанбайұлы атындағы көшедегі № 1-114 үйлер, Балуанияз батыр атындағы көшедегі № 1-117 үйлер, Т.Рысқұлов атындағы көшедегі № 1-80 үйлер, М.Жұмабаев атындағы көшедегі үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады