"Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 02 маусымдағы № 171-қ қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 шілдеде № 2471 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 7-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 16.01.2020 № 7 - қ(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә. Баймағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Жолбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Е. Әбілов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық сәулет,

      қала құрылысы және құрылыс

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысының м.а.

      Ә.Т. Баймағамбетов

      02 маусым 2014 жыл

  Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 02 маусым № 171-қ
қаулысымен бекітілген

"Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

      1.Жалпы ережелер

      1. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер Заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Заңнамада белгіленген тәртіппен "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, қоғамдық ұйымдар ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында басшылықты жүргізу болып табылады.

      14. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеті:

      - ауданда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекет саясатын жүргізу.

      15. Функциялары:

      - құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік-көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау туралы шешімдер қабылдау;

      - сәулет, қала құрылысы және құрылыс жұмыстарын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілуін қадағалау;

      - аудан аумағында мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

      - "Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын анықтау жөніндегі анықтама беру", "Сәулеттік жоспарлау тапсырмаларын беру", "тіреу және қоршау конструкцияларын инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды жекелеген бөліктерін реконструкцияларға қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтерін көрсетеді;

      - ауданның кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы перспективалық тапсырмаларын шешуге бағытталған құрылыс шараларын жоспарлау және әзірлеу;

      - құрылыс нысандарын салу үшін алынған жер учаскелеріне топотүсірілім шығаруға, сондай-ақ радиологиялық-дозиметриялық бақылау жүргізуге, жерге орналастыру жоспарына және мемлекеттік актісіне тапсырыс беру;

      - Әділет органдарына тиісті құжаттарды тіркеуге және жылжымайтын мүлік орталығына салынған нысандардың техникалық құжаттарын жасақтауға тапсырыс беру;

      - базалық деңгейдегі қала құрылысы кадастры бойынша жұмыстарды үйлестіру;

      - тарихи және мәдени ескерткіштерді корғауға қатысты әзірленген нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу;

      - қала құрылысы құжаттарын және қала құрылысы шешімдерін аудан әкімі бекіткенше қарап талдау жасауға көпшіліктің қатысуын ұйымдастыру және қала құрылысы жұмыстарының жариялылығын қамтамасыз ету;

      - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер дайындау барысында ұсыныстар енгізу;

      - аудан аумағының өсу, көркейту бағытында салынатын ғимараттар сәнділігін толықтыру үшін тың ұсыныстар дайындау;

      - отандық және әлемдік тәжірибедегі құрылыс саласының озық үлгідегі жетістіктерін пайдалану арқылы ғимараттардың, құрылыстар мен кешендердің техникалық-экономикалық деңгейі мен конструкциялық мықтылығын арттыру, әлеуметтік-экономикалық басымдылығын тиімді пайдалану бағытын айқындау;

      - заңнамада белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдауға қатысу;

      - құрылыс үрдісін мемлекеттік реттеуге және құрылыс салуға, тұрғын үй құрылысын салуға бағытталған мемлекеттік қаражатты бөлуге қатысады;

      - құрылыс нысанында жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында, табиғат дүлейлерінің, апаттардың зардаптарын жою сонымен қатар алдын алу бойынша насихаттау шараларын жүргізу;

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      Құқықтары:

      - "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіпте және мерзімде құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды, оларды меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен жеке тұлғалардан алуға;

      - белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, мекемелермен және обьектілермен өзара іс- қимыл жасауға;

      - шет елдермен ғылыми-техникалық және экономикалық қарым-қатынасты жүзеге асыруға қатысуға, өз құзыретінің шегінде, ұйымдар мен кәсіпорындардың шетелдік жетекші фирмалармен байланыс орнатуына ықпалды жәрдемдесуге;

      - құрылыс нормативтері мен ережелерінің сақтауын қамтамасыз ету жөнінде құрылыс барысына техникалық бақылауды жүзеге асыру үшін келісім-шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындарды тартуға;

      - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға қайшы келетін жобалық-сметалық құжаттама мен басқа да ұсыныстарды келісуді қабылдамауға;

      - жобаларды, мемлекеттік құжаттарды сараптауға білікті мамандарды қатыстыру, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласына қатысты уәкілетті органға ұсыныстар беруге;

      - өз бетінше құрылыс жүргізген, сәулет, қала құрылыс тәртібін, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңын бұзған кінәлі тұлғаларды белгіленген тәртіппен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе айыппұл салу туралы тиісті мемлекеттік оргындарға ұсыныстар беру;

      - мақсаттарды жүзеге асырау үшін қаражаттарды пайдалануға;

      - Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      Міндеттері:

      - аудан аумағында тұрғын–үй қорының техникалық жағдайын және абаттандыру, сәулеттік безендіру жұмыстарын қадағалауды;

      - заңнамада белгіленген тәртіппен банктен есеп шоттар ашу;

      -белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      - аудан аумағындағы ғимараттар қасбеттерінің және дайындалған жобалау құжаттарының сапасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы заңнамаға сәйкес сақталуын қадағалау;

      - өз құзыреті шегінде соттарда, мемлекеттік биліктің өзге де органдарда бөлімнің мүддесін білдіруге қатысады;

      - аудан аумағында сәулет, қала құрылысы жұмыстарының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілуін қадағалау.

      3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Мұнайлы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      20. Бірінші басшының өкілеттілігі:

      - бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      - барлық органдарда бөлімнің мүддесін қорғайды;

      - барлық қызметкерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

      - қызметкерлерді марапаттау және шара қолдануды анықтайды;

      - мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің іс-шараларын бекітеді;

      - бөлімнің басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүкетеледі;

      - келісім шарт жасайды, сенімхаттар береді;

      - өз қызметкерлерінің функцияларын белгілейді.

      21.Бірінші басшы өз орын басарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      4.Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзгеде көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін тарату және қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады