Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 408 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге үміткерлердің барлығы үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 151 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 маусымда № 4777 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 01.04.2020 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V Конституциялық Заңына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 408 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге үміткерлердің барлығы үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-147 тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасына:

      мемлекеттік тілде "селосы", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылдық" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

А. Балғарин

КЕЛІСІЛДІ:


Әулиекөл аудандық сайлау


комиссиясының төрагасы


________ Г. Нұрахметова



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады