Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 20 "2014 жылғы Әулиекөл ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 352 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 қарашада № 5175 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2014 жылғы Әулиекөл ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2014 жылғы 5 ақпандағы № 20 аудан әкімдігінің қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4478 тіркелген 2014 жылғы 27 наурызда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген 2014 жылғы Әулиекөл ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері кестесінде:
      "Бір айда мектепке дейінгі білім ұйымдарында ата-аналар төлем ақысының көлемі (теңге) бағанында:
      "сәбилер тобы" бағанында "4000" саны "5500" санына өзгертілсін;
      "мектепке дейінгі топтар" бағанында "4000" саны "5500" санына өзгертілсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Балғарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады