Қостанай облысы Қамысты ауданы Жайылма ауылдық округі Пушкин ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 213 шешімі мен Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 7 бірлескен қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 шілдеде № 4905 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 1 және Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 333 бірлескен қаулысымен және шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 15.06.2020 № 1 және Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 15.06.2020 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысымен және шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5, 12-баптарына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Қамысты ауданы Жайылма ауылдық округі Пушкин ауылының шекарасы (шегі) оның шегінен жер қорына жалпы алаңы – 700,0 гектар жер учаскесін шығарып және оның шегіне жер қорынан жалпы алаңы – 863,0 гектар жер учаскесін қосып, қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес өзгертілсін.

      2. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер-есеп құжаттамасына қажетті өзгерістерді енгізсін.

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қамысты ауданының әкімі


__________ Ж. Бисимбаев


Сессия төрайымы


___________ С. Төлебаева


Қамысты аудандық


мәслихатының хатшысы


__________ Б. Рахимжанов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады