Бөрлі селолық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 маусымда № 4897 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бөрлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Бөрлі селолық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" Бөрлі ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 28 қантардағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-103 тіркелген, 2009 жылғы 5 наурызда "Айна" газетінде жарияланған) мындай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша
      "селолық", "селосы" деген сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бөрлі ауылдық
      округінің әкімі                            А. Жиеналин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады