Юбилейный ауылы әкімінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1 "Юбилейный селосының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Юбилейный ауылы әкімінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 4788 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Юбилейный ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Юбилейный ауылы әкімінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1 "Юбилейный селосының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-152 тіркелген, 2012 жылғы 26 қаңтардағы "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Юбилейный
      ауылының әкімі                             Қ. Көбенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады