Юбилейный ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Таран ауданы Юбилейный селосы әкімінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 желтоқсанда № 9-18-152 тіркелген.

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" деген сөздері "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы Таран ауданы Юбилейный ауылы әкімдігінің 24.04.2014 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағына сәйкес, Юбилейный ауылы халқының ой-пікірін ескере отырып, Калинин ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің 24.02.2021 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Юбилейный ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:

      1) № 1 атаусыз көшесіне – Дружба көшесі;

      2) № 2 атаусыз көшесіне – Западная көшесі;

      3) № 3 атаусыз көшесіне – Интернациональная көшесі;

      4) № 4 атаусыз көшесіне - Мира көшесі;

      5) № 5 атаусыз көшесіне – Нивовская көшесі;

      6) № 6 атаусыз көшесіне – Новая көшесі;

      7) № 7 атаусыз көшесіне – Притобольская көшесі;

      8) № 8 атаусыз көшесіне – Пришкольная көшесі;

      9) № 9 атаусыз көшесіне – Производственная көшесі;

      10) № 10 атаусыз көшесіне – Рудненская көшесі;

      11) № 11 атаусыз көшесіне – Садовая көшесі;

      12) № 12 атаусыз көшесіне – Степная көшесі;

      13) № 13 атаусыз көшесіне – Строительная көшесі;

      14) № 14 атаусыз көшесіне – Тупиковая көшесі;

      15) № 15 атаусыз көшесіне – Школьная көшесі;

      16) № 16 атаусыз көшесіне – Юбилейная көшесі.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Юбилейный ауылының әкімі

Қ. Көбенов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады