Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 212 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 4565 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 53 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 14.09.2023 № 53 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 92 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Х сессияның төрайымы

Л. Финк

Аудандық


мәслихаттың хатшысы

Б. Бекенов

КЕЛІСІЛДІ:


Пешков ауылдық


округінің әкімі


____________ Ә. Ержанов



  Мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 212 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық
округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің Пешков ауылының тұрғындарына

100

Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің Калиновка ауылының тұрғындарына

10

Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің Большой ауылының тұрғындарына

5

Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің Кравцов ауылының тұрғындарына

15

Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің Полтавка ауылының тұрғындарына

5

  Мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 212 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 92 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Пешков ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Пешков ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Пешков ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Пешков ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Пешков ауылдық округінің ауылдары шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Пешков ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Пешков ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Пешков ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Федоров аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Пешков ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады