Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 1/31 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3781 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 212/43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 19.07.2019 № 212/43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабының 2–3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10–тармағына сәйкес, Лебяжі ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі ауылдық мәслихатының 13.11.2017 № 96/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің келесі мөлшерлері белгіленсін:

      9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі – ҰОС) 150000 (жүз елу мың теңге) көлемінде, сондай-ақ 5000 (бес мың) теңге сомаға азық-түлік жиынтығы;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдарға, атап айтқанда:

      қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда ҰОС кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары; ҰОС кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСРО iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға; қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға; екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 1,8 АЕК көлемінде;

      басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларына, атап айтқанда:

      бұрынғы КСРО үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери–Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСРО Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлеріне; бұрынғы КСРО аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге – 14 АЕК көлемінде;

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі – ЧАЭС) апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға – 3,5 АЕК көлемінде;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушы мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға, атап айтқанда:

      бұрынғы КСРО қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге; әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға; ЧАЭС апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына; Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлемінде;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген басқа да адамдар санаттарына, атап айтқанда:

      қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне); 1988 - 1989 жылдардағы ЧАЭС апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда; ҰОС жылдарында 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына аралығында кем дегенде 6 ай тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар және қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған адамдарға – 5 АЕК көлемінде;

      1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай:

      ең төмен зейнетақы және жәрдемақы алатын, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, атап айтқанда:

      жалғызбасты және жалғыз тұратын, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге – 1,2 АЕК көлемінде;

      80 және одан үлкен жастағы зейнеткерлерге – 2,9 АЕК көлемінде;

      қазан айының 2 жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, кәмелет жасқа толмаған балалары бар мүгедек әйелдерге, арбадағы мүгедектерге 2,3 АЕК көлемінде;

      8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай:

      жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 2,4 АЕК көлемінде.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 03.11.2014 № 3/38 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.02.2015 № 2/41 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 09 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін бекіту туралы" № 2/29 шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Тлеуғабыл
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Әлтаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов
      2014 жылғы "18" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады