Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 39/274 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 қазанда № 4057 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы № 31/179 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар аудандық мәслихатының 25.11.2022 № 31/179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы ауыл тұрғындарының жалпы санының 1(бір) % мөлшерінде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, азаматтардың өтініштері мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Е. Темірғалиев

Мәслихат хатшысы

Б. Оралов


  Павлодар аудандық мәслихатының
(5 сайланған 39 кезекті сессиясының)
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 39/274 шешімімен
бекітілген

Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің
аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Заңғар ауылдық округі) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Заңғар ауылдық округі аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Заңғар ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Павлодар ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Заңғар ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Заңғар ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Заңғар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Заңғар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Заңғар ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Павлодар аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Заңғар ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Заңғар ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады