2014 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарына жататын тұлғалардың нысаналы топтарын анықтау және қосымша тізімін белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы N 9 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 ақпанда N 2555 болып тіркелді

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында тұратын нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асыруында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      3) он екі ай және одан артық жұмыс істемеген тұлғалар.
      3. «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан территориясында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 91 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 13-5-93 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2009 жылғы 25 мамырдағы «Есіл Өңірі» аудандық газетінде, 2009 жылғы 25 мамырдағы «Новости Приишимья» аудандық газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қайроллаұлы Омаровқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданының әкімі                            М. Тасмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады