Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 82 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 маусымда № 2931 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Атырау облысы әкімдігінің алдын-ала келісіміне сәйкес, аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
      1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Қуанышкереевке жүктелсін.
      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Ожаев

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 82 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі


Мүліктің атауы
Шығарылған жылы
Теңгерім ұстаушы
1
Уаз 315122 автомобилі тіркеу нөмірі Е654ВО
2003
"Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ
2
Уаз 315122 автомобилі тіркеу нөмірі Е190ВО
2003
"Исатай аудандық жер қатынастары бөлімі" ММ
3
Газ 53 автомобилі тіркеу нөмірі Е334АY
1984
"Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебі" ММ
4
Газ 3307 автомобилі тіркеу нөмірі Е146АР
2000
"Исатай аудандық білім бөлімі" ММ
5
Уаз 31514 автомобилі тіркеу нөмірі Е760ВМ
1999
"Жалпы білім беретін Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп" ММ
6
Ваз 212300 автомобилі тіркеу нөмірі Е436ВХ
2007
"Исатай аудандық ветеринария бөлімі" ММ
7
Уаз-31519-095-01 автомобилі тіркеу нөмірі Е285ВМ
2006
"Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
8
Ваз 2131 автомобилі тіркеу нөмірі Е077КS
2002
"Исатай аудандық білім бөлімі" ММ
9
Ваз 21214 автомобилі тіркеу нөмірі Е409ВW
2008
"Исатай аудандық құрылыс бөлімі" ММ
10
Уаз 31519-095-02 автомобилі тіркеу нөмірі 790АЕ06
2005
"Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі" ММ

      ММ - мемлекеттік мекеме

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады