Мақат кенті әкіміне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 22 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қаңтарда № 2848 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 353 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 29.12.2014 № 353 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 6 тармағы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабын басшылыққа алып, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Мақат кенті әкіміне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орыны белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Мақат ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы Б. Кенбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Умаров
      КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
15 қаңтар 2014 ж.
Ә. Ерғожиев

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 22 қаулысына қосымша

Мақат кенті әкіміне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орыны


Мекен-жайы
Орналасқан жері
1
Қазақстан, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат К, Центральная алаңы, 2-үй
"Мақат аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының алдыңғы алаңындағы стенд

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады