Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 191 "Құрманғазы ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 545 қаулысы. Атырау облысының әділет департаментінде 2014 жылы 24 желтоқсанда № 3067 болып тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 191 «Құрманғазы ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысының қосымшасына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-8-229 болып тіркелген, аудандық «Серпер» газетінің 2012 жылғы 26 шілдеде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтінінде «селолық» деген сөз «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын.
      Орыс тіліндегі бүкіл мәтінінде «аульного» деген сөз «сельского» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

А. Баракатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады