Кентау қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 278 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 тамызда № 2783 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 446 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 03.12.2014 № 446 қаулысымен.

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кентау қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Бектаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Ә.Мақұлбаев

Кентау қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 278 қаулысымен бекітілген

Кентау қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза табысының бір бөлігін аудару нормативі Кентау қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін

Таза табыс сомасынан 5 пайыз

Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз

Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз

Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз

Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз

Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады