Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5 тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ордабасы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі және Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, шекаралары өзгертілсін:
1)
33,58 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Ақбұлақ елді мекенінің жалпы ауданы 251,68 гектар;
2)
49,19 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Дербес елді мекенінің жалпы ауданы 143,62 гектар;
3)
29,02 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Мамыр елді мекенінің жалпы ауданы 84,41 гектар;
4)
10,93 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Қарабастау елді мекенінің жалпы ауданы 32,76 гектар;
5)
74,34 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Қызылжар елді мекенінің жалпы ауданы 172,67 гектар;
6)
14,33 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Қайнар елді мекенінің жалпы ауданы 203,56 гектар;
7)
49,7 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Бірлік елді мекенінің жалпы ауданы 131,88 гектар;
8)
20,65 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Қызылсеңгір елді мекенінің жалпы ауданы 57,81 гектар;
9)
57,36 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақұм ауыл округі Қарақұм елді мекенінің жалпы ауданы 176,31 гектар;
10)
1,42 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Батырата елді мекенінің жалпы ауданы 108,09 гектар болып өзгертілсін.
2.
Бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
С.Сапарбаев |