Төлеби ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 тамыздағы № 34/162-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 тамызда № 2789 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 5 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 06.01.2015 № 5 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына және аудан әкiмiнiң мәлімдемесіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Төлеби ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, 2014 жылы бiр маманға жетпiс еселік айлық есептік көрсеткiшке тең сомада жәрдем ақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бір мың бес жүз еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Ғ.Қансейтов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ә.Шыңғысбаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады