Шардара ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 29-189-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 1 тамызда № 2751 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 8-46-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 12.09.2023 № 8-46-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 09.02.2022 № 15-89-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шардара ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 09.02.2022 № 15-89-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Шардара ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 26-166-V шешімінің (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2649 санымен тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Серманизов
      Аудандық мәслихат хатшысы Т.Бердібеков

  Шардара аудандық мәслихатының
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 29-189-V шешімімен бекітілген

Шардара ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 09.02.2022 № 15-89-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің аумағындағы, ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтiң әкiмдерімен шақырылады және ұйымдастырылады.

      4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе Шардара ауданы әкімдігінің ресми сайтына олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.

      5. Ауыл, шағын аудан, көше, көп пәтерлі тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi аудандық маңызы бар қаланың және ауылдық округтiң әкiмiмен ұйымдастырылады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілкті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.

      Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Шардара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.

3. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

      11. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны төмендегідей айқындалады:

      жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны:

      халық саны 2000 адамға дейінгі елді мекендерде 2 өкілге дейін;

      халық саны 2000 мен 4000 адам аралығындағы елді мекендерде 3 өкілге дейін;

      халық саны 4000 адамнан жоғары елді мекендерде 4 өкілге дейін.

      12. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны:

      құрамына 1-3 ауыл енетін ауылдық округтерде 10 өкілге дейін;

      құрамына 4-6 ауыл енетін ауылдық округтерде 15 өкілге дейін;

      құрамына 7-9 ауыл енетін ауылдық округтерде 20 өкілге дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады