Бородулиха аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 15-7-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 24-6-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 шілдеде № 3410 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазандағы № 28-3-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 19.10.2018 № 28-3-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 15-7-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 24 шілдедегі 2999 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 2 тамыздағы № 64 аудандық "Аудан тынысы", 2013 жылғы 2 тамыздағы № 64 "Пульс района" газеттерінің сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 2 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, оның ішінде ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын ветеринарлық пунктердің ветеринария мамандарына әлеуметтік көмек 12442 (он екі мың төрт жүз қырық екі) теңге көлемінде берілсін.

      1-тармақтың 3 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде ауылдық елді мекенде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының медицина және фармацевтика жұмысшыларына коммуналдық қызметтерге және отынға кеткен шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат шешімімен бекітілген мөлшерде төленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Г. Бақтыбаева





Аудандық мәслихаттың хатшысы

У. Майжанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады